
Бүгін 14 сәуір Алматы қаласындағы Республика сарайында «Алтын ханым» ұлттық байқауының салтанатты финалдық кеші өтеді. Еліміздің әр өңірінен іріктелген ең лайықты арулар мен аналар бақ сынайтын бұл кеш биыл да ерекше форматта ұйымдастырылмақ.
Байқауды тамашалау үшін Республика сарайына бара алмаған көрермендерге тамаша мүмкіндік бар. Шараның тікелей көрсетілімін Сағат 19:00-де BM PRODUCTION ресми YouTube арнасынан көруге болады.
Байқауға кімдер қатысады?
Биылғы додада Қазақстанның түкпір-түкпірінен іріктелген 27 қатысушы өнер көрсетеді. «Алтын ханым» жобасының басты ерекшелігі байқауға 30 бен 53 жас аралығындағы нәзік жандылар бақ сынайды. Қатысушылардың арасында көпбалалы аналар, кәсіпкерлер, түрлі саланың мамандары мен қоғам белсенділері бар.
Тіпті, бұған дейін желіде кеңінен танылған мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза да осы байқауға қатысу үшін 10 келі салмақ тастағанын айтқан еді.