Оқу-ағарту министрлігі челлендж-эстафета жариялады

Жарияланды 14 Сәуір 2026 16:06

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
фото: shutterstock
фото: shutterstock

Сәуір айының 13- 23 аралығында елімізде Ұлттық кітап күні мен Кітапханашылар күніне арналған онкүндік өтіп жатыр.

Шара аясында Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы баспалар арасында «Мен ұсынған 7 кітап» челлендж-эстафетасын жариялады.

«Бұл бастаманың негізгі мақсаты – қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, оқырман қызығушылығын арттыру, сондай-ақ ұлттық әдеби мұраны дәріптеу», – делінген хабарламада.

Челлендж-эстафетаға қатысушы баспалар қорларынан оқырман қауымға ұсынуға лайықты 7 кітапты іріктеп, оларды ақпараттық ресурстар мен әлеуметтік желілерде жариялайды.

Министрлік хабарлауынша, бұл бастамаға кез келген азамат қатыса алады. Қатысушылар әлеуметтік желілерде сүйікті кітаптары туралы ұсыныстарын жариялап, ол кітаптардың маңызы туралы өз ойларымен бөлісе алады.

Мұның алдында министрлік мектеп түлектерінің кешін өткізуге қатысты ескерту жасаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз