Экономика

Еурокомиссия басшысы одақ елдерін энергия үнемдеуге шақырды

ЕуроОдақ энергетикалық дағдарыс алдында / фото: gemini generated

Еуропалық комиссия Ормұз бұғазы жабылуы мүмкін деген қауіпке байланысты энергетикалық дағдарыстың алдын алу үшін шұғыл шаралар жоспарын дайындады. Бұл мәселе Еурокомиссия президенті Урсула фон дер Ляйеннің қатысуымен өткен Таяу Шығыстағы жағдайға арналған пікірталаста талқыланды.

Дайындалған жоспар келесі аптада Кипрде өтетін Еуропалық кеңестің бейресми отырысында мемлекет басшыларына таныстырылады. Сондай-ақ Еурокомиссия 22 сәуір күні осы мәселе бойынша ресми коммюнике жариялауды көздеп отыр.

Екінші маңызды бағыт – энергия бағасының қымбаттауынан зардап шегуі мүмкін осал үй шаруашылықтары мен нарық секторларын қорғау.

Сұранысты азайту және үнемдеу саясаты қандай?

Энергия ресурстарына деген сұранысты азайту мәселесі алға тартылды. Урсула фон дер Ляйен ең арзан энергия пайдаланылмаған энергия екенін алға тартып, тұтынуды барынша қысқартуды ұсынды. Бұл шаралар іс жүзінде халықтың энергияны пайдалануын шектеу және үнемдеу режиміне көшуді білдіреді.

Сонымен қатар Урсула фон дер Ляйен Таяу Шығыстағы дағдарыс мынаны айқын көрсеткенін мәлімдеді:

«Қазба отынға тәуелділіктен құтылудың жалғыз орнықты жолы – жасыл энергияға көшу және экономиканы мүмкіндігінше тезірек электрлендіру арқылы жаңғырту».

Энергетика бағасы шарықтады

Мұнай мен газ бағасы АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылынан бері 50%-дан аса шарықтап кетті. Бұл оқиға Таяу Шығыстағы стратегиялық энергетика инфрақұрылымына жасалған шабуылдарға түрткі болып, Тегеранды энергия ресурстарының ең маңызды транзиттік нүктесі – Ормұз бұғазын жабуға мәжбүр етті.

Еске сала кетейік, ЕуроОдақ алдағы жылдары шағын модульдік реакторлар (ШМР) көшетін болды. Фон дер Ляйен 2030 жылға қарай бүкіл ЕО аумағында осы технологияны енгізуді көздеп отыр.