
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк тауарлар мен қызметтерді бөліп төлеу арқылы сату тәртібін реттейтін заңға түзету енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы агенттік төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді.
«BNPL нарығын реттеу бойынша жаңа заң әзірлеуді немесе заңнамалық түзетулер енгізуді жоспарлап отырмыз. Бұл қаржы ұйымдары емес, маркетплейстер ұсынатын бөліп төлеуге қатысты болады», – деді Әбілқасымова Мәжіліс кулуарында.
Айтуынша, 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтарға берілетін қарыздың ең жоғары шегі белгіленуі мүмкін.
«Ұлттық банк бұл шараны 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізуді жоспарлап отыр», – деді агенттік төрағасы.
Бұған дейін Әбілқасымова несие беру қарқыны қатты төмендегенін айтты.