Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты: ақынның жары президентке хат жолдады

Жарияланды 20 Сәуір 2026 08:49

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
коллаж: kursiv.media

Қазақ руханиятының асқар шыңы, Халық жазушысы Мұхтар Шахановтың жары Ханшайым Шаханова президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жолдап, ақынның соңғы аманатын орындауға қолдау көрсетуін сұрады.

Ақынның соңғы тілегі

Хатта көрсетілгендей, ұлт мақтанышына айналған Мұхтар Шахановтың ең соңғы әрі маңызды аманаты – өзінің мәңгілік тыныс табатын жері ретінде ата-бабаларымыздың киелі мекені, Отырар өңіріндегі Арыстанбаб кесенесінің іргесін таңдаған.

«Ақынның киелі топырақта жерленуі – отбасының өтініші ғана емес, бұл ұлттық рухқа, тарихқа және ұлы тұлғаға көрсетілетін зор құрмет деп білеміз», – делінген хатта.

Арыстанбаб кесенесі республикалық маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіш болғандықтан, жерлеу рәсімін заңнама талаптарына сәйкес өткізу үшін жоғары деңгейдегі рұқсат қажет. Осыған байланысты ақынның жары Президенттен ақын аманатының орындалуына мемлекеттік деңгейде қолдау көрсетуді, бұл істі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Түркістан облысының әкімдігімен үйлестіруге тапсырма беруді сұрады.

Айта кетейік, 19 сәуір күні Халық жазушысы Мұхтар Шаханов 84 жасына қараған шағында өмірден өтті.

Сондай-ақ оқыңыз