Жерге жақындап келе жатқан Апофис астероиды қауіпті ме?

Жарияланды 26 Сәуір 2026 10:29

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

​​General news бөлімінің тілшісі a.tolendi@kursiv.media
/ Фото: ЖИ көмегімен жасалған

Өлшемі шамамен 350 метр болатын Апофис астероиды 2029 жылдың сәуір айында Жерге өте жақын қашықтықтан – 32 мыңнан 38 мың шақырымға дейінгі аралықта өтеді. Бұл туралы РБК басылымы жазды.

Астероид несімен қауіпті?

Басылымның жазуынша, астероидтың Жермен жақындасу қашықтығы 6 миллион шақырымнан аз болса, ол қауіпті деп саналады. Ал Апофис жағдайында бұл көрсеткіш әлдеқайда төмен.

«2029 жылы бұл жақындасу шамамен 32–38 мың шақырымды құрайды. Бұл астероидтың қауіпті екенін білдіреді», — деп жазды басылым.

Алайда Ресейдің Пулково обсерваториясы Жерге тікелей соққы болуы екіталай екенін хабарлаған. Негізгі қауіп спутниктерге төнуі мүмкін.

  • Спутниктерге әсері: Астероид геостационарлық спутниктер орналасқан аймақ арқылы ұшып өтеді.
  • Телехабар тарату: Осыған байланысты телехабар тарату жүйелерінде іркілістер болуы мүмкін.

Неге дәл бұл астероид қауіпті?

Егер мұндай көлемдегі нысан планетамызға құласа, оның зардабы жойқын болар еді. Салыстыру үшін: Апофис Челябинск метеоритінен 15 есе, ал әйгілі Тұңғыс метеоритінен төрт есе үлкен.

  • Челябинск метеориті (22 м): Жарылысы атмосферадағы бірнеше атом бомбасына тең болды.
  • Тұңғыс метеориті: 2 мың шаршы шақырым аумақтағы орманды жапырып кеткен.
  • Апофис: Оның қуаты Тұңғыс метеоритінен төрт есе асып түседі, бұл «Царь-бомба» қуатынан да жоғары деген сөз.

Ғалымдар бұл нысанды 2003 жылы ашылғаннан бері жіті бақылап келеді. Еуропалық ғарыш агенттігі (ESA) астероидты зерттеу үшін арнайы Ramses аппаратын ұшыратынын жариялады. Қазіргі уақытта миссияның дайындық жұмыстары басталып кетті.

2029 жылдың 13 сәуірінде Апофисті Еуропа, Африка және Азияда тұратын 2 миллиардқа жуық адам көзбен көре алады. CNN мәліметінше, ол Жерге Айдан он есе жақын келеді.

Бұған дейін де 2032 жылы Жерге астероид соқтығысуы мүмкін екенін жазғанбыз. 

Сондай-ақ оқыңыз