Экономика

БЖЗҚ инвестиция ретінде Таяу Шығысқа 367 млрд теңге салған

БЖЗҚ ақшасы қайда салынған / фото: gemini generated

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) ақша Қазақстан ішінде ғана емес, шетелдерде де жұмыс істеп, пайда әкелуі керек. Ұлттық банк ақшаның бір бөлігін Таяу Шығыс елдерінің сенімді компаниялары мен үкіметтеріне қарызға беріп (бағалы қағаздарын сатып алып), пайыз арқылы табыс тауып отыр.

Зейнетақы қорындағы жалпы ақша (25,9 триллион теңге) өте көп болғандықтан, Таяу Шығысқа салынған 367,2 миллиард теңге оның 1,4%-ын ғана құрайды.

Таяу Шығыстағы геосаяси жағдайдың ушығуы БЖЗҚ инвестициялары үшін бірнеше бағытта тәуекел тудыруы мүмкін. БЖЗҚ активтері салынған елдердің басым бөлігінің (әсіресе БАӘ мен Сауд Арабиясы) «инвестициялық рейтингі жоғары. Бұл олардың дефолтқа ұшырау немесе қарызды қайтармай қалу ықтималдығы өте төмен екенін білдіреді.

БЖЗҚ-ның Таяу Шығыс елдеріндегі инвестициялары

Млрд теңге есебімен (жалпы сомасы: 367,2 млрд ₸)

Айта кетейік, теңгенің нығаюы салдарынан зейнетақы қоры наурыз айында 240 млрд теңге инвесттабысынан айырылды. Бұл туралы Сенат кулуарында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтқан болатын.