
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) ақша Қазақстан ішінде ғана емес, шетелдерде де жұмыс істеп, пайда әкелуі керек. Ұлттық банк бұл ақшаның бір бөлігін Таяу Шығыс елдерінің сенімді компаниялары мен үкіметтеріне қарызға беріп (бағалы қағаздарын сатып алып), пайыз арқылы табыс тауып отыр.
Зейнетақы қорындағы жалпы ақша (25,9 триллион теңге) өте көп болғандықтан, Таяу Шығысқа салынған 367,2 миллиард теңге оның 1,4%-ын ғана құрайды.
Таяу Шығыстағы геосаяси жағдайдың ушығуы БЖЗҚ инвестициялары үшін бірнеше бағытта тәуекел тудыруы мүмкін. БЖЗҚ активтері салынған бұл елдердің басым бөлігінің (әсіресе БАӘ мен Сауд Арабиясы) «нвестициялық рейтингі жоғары. Бұл деген – олардың дефолтқа ұшырау немесе қарызды қайтармай қалу ықтималдығы өте төмен.
БЖЗҚ-ның Таяу Шығыс елдеріндегі инвестициялары
Млрд теңге есебімен (жалпы сомасы: 367,2 млрд ₸)
Айта кетейік, теңгенің нығаюы салдарынан зейнетақы қоры наурыз айында 240 млрд теңге инвесттабысынан айырылды. Бұл туралы Сенат кулуарында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтқан болатын.