«Жан-жағым шешілмес бетперде»: Daricorn шулы сұхбаттан кейін жазба жариялады

Жарияланды 28 Сәуір 2026 14:55

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
фото: instagram

Соңғы уақытта желіде есімі жиі талқыға түсіп жүрген блогер әрі әнші Дариға (Daricorn) жаңа туындысын таныстыруға дайындалып жүрген сияқты. Ол желідегі парақшасында ән айтып отырған қысқа видео жариялады.

Жарияланған видеодағы жолдарда былай делінген:

«Жан-жағым шешілмес бетперде, Құласам қолдай ма, сөкпей ме?»

Бұл сөздерден блогердің қазіргі көңіл-күйі мен айналасындағы адамдардың шынайылығына деген күмәні байқалады. Желі қолданушылары мұны соңғы кездері жұбайы Дархан Жолшыбеков пен Жузефина арасындағы даулы мәселелерге берілген жанама жауап ретінде қабылдап отыр.

Дариғаның бұл жазбасы жаңа әннің анонсы болуы әбден мүмкін. Видео астындағы пікірлерде оқырмандардың басым бөлігі Дариғаға қолдау білдіріп жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жузефина блогер Дархан Жолшыбековтің өзіне қырындағанын айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз