Берік Уәли Мақпал Жүнісоваға құрмет көрсетті (видео)

Жарияланды 5 Мамыр 2026 10:02

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
коллаж: kursiv.media

Семей қаласында Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісованың шығармашылығына арналған мерекелік концерт өтті.

Кеш барысында Абай облысының әкімі Берік Уәли арнайы қатысып, өнер иесіне шынайы құрмет көрсетті. Аймақ басшысы сахнаға шығып, Мақпал Жүнісованың иығына шапан жауып, оның қазақ өнеріне қосқан елеулі үлесі мен шығармашылығына жоғары баға берді.

«Ән атасы Әмірені тудырған текті топырақ, тұңғыштар мекені – Абай еліне қош келдіңіз! Сізді Абай елі ерекше құрметтейді, қадірлейді. Былтыр ұлы Абайдың 180 жылдығына орай Қарауылда өткен концертке біздің шақыруымызды қабыл алып, арнайы келіп, елдің ықыласына бөленген едіңіз. Биыл үлкен сахнада жүргеніңізге 45 жыл екен. Осындай мерейлі мерекеде Абай еліне екі күндік концертпен келіп отырсыз. Өнеріңіз өрлей берсін», – деді Берік Уәли өз сөзінде.

Еске сала кетейік, бұған дейін экс-әкім Серік Үмбетов Мақпал Жүнісоваға соғым сыйлаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз