
Мамыр айының басындағы демалыс күндері отандық кинотеатрлар үшін айтарлықтай табысты болды. Ticketon мәліметтері бойынша, 7-10 мамыр аралығындағы кассалық жиынтықтар тізімінде отандық комедия мен голливудтық блокбастерлер арасында қызу бәсеке байқалады.
Кино әлеміндегі апталық көрсеткіштер бойынша көш басында төмендегі фильмдер тұр:
«Хотя бы кинода 4»
Отандық франшизаның жаңа бөлімі прокаттағы алғашқы аптасында-ақ жақсы нәтиже көрсетті. Фильм 412,2 млн теңгеден астам табыс тауып, көшбасшы атанды.
«Мортал Комбат 2»
Аты аңызға айналған жекпе-жек ойынының желісімен түсірілген туынды 321,2 млн теңгемен екінші орынға жайғасты. Бұл да фильмнің алғашқы прокат аптасы.
«Prada киген әзәзіл 2»
Көптен күткен сиквел прокаттағы екінші аптасында 292,5 миллион теңге жинап, тұрақты қызығушылықты сақтап тұр. Алғашқы аптасында 626 млн жинаған еді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Kursiv LifeStyle «Хотя бы кинода 4» фильміне рецензия жазған еді.