
Елде 14-17 жастағы қыздарға да адам папилломасы вирусына қарсы вакцина салынады. Қаулыға Бас мемлекеттік санитар дәрігер Сархат Бейсенова қол қойған.
Айта кетейік, вакцинаны ата-ана қызына ерікті түрде салдыра алады.
Қазір елде 11-13 жастағы қыздарға адам папилломасы вирусына қарсы вакцина тегін салынады.
4 валентті (6, 11, 16, 18 типтері) «Гардасил» вакцинасы мынадай схема бойынша салынады:
- бірінші доза – кез келген күні;
- екінші доза – бірінші дозадан кейін 2 айдан кейін;
- үшінші доза – бірінші дозадан кейін 6 айдан кейін.
Адам папилломасы вирусы – жатыр мойны обыры, жыныс мүшелері қатерлі ісігінің дамуына себеп болатын вирус. Оның 200-ден аса түрі бар.
Айта кетейік, азаматтар өз қалауы бойынша вакцинаны ақылы түрде салдыра алады. Желідегі ақпаратқа сәйкес, қазақстандықтар Гардасил 9 вакцинасын салдыра алады. Бір дозасының құны – 135 мың теңге. Екі дозасы – 250 мың теңге, ал үш дозасы 350 мың теңге деп көрсетілген.