Health

Елде 14-17 жастағы қыздарға да папиллома вирусына қарсы вакцина салынады

Мектеп оқушыларына вакцина тегін салынады/фото: shutterstock

Елде 14-17 жастағы қыздарға да адам папилломасы вирусына қарсы вакцина салынады. Қаулыға Бас мемлекеттік санитар дәрігер Сархат Бейсенова қол қойған.

Айта кетейік, вакцинаны ата-ана қызына ерікті түрде салдыра алады.

Қазір елде 11-13 жастағы қыздарға адам папилломасы вирусына қарсы вакцина тегін салынады.

4 валентті (6, 11, 16, 18 типтері) «Гардасил» вакцинасы мынадай схема бойынша салынады:

  • бірінші доза – кез келген күні;
  • екінші доза – бірінші дозадан кейін 2 айдан кейін;
  • үшінші доза – бірінші дозадан кейін 6 айдан кейін.

Адам папилломасы вирусы – жатыр мойны обыры, жыныс мүшелері қатерлі ісігінің дамуына себеп болатын вирус. Оның 200-ден аса түрі бар. 

Айта кетейік, азаматтар өз қалауы бойынша вакцинаны ақылы түрде салдыра алады. Желідегі ақпаратқа сәйкес, қазақстандықтар Гардасил 9 вакцинасын салдыра алады. Бір дозасының құны – 135 мың теңге. Екі дозасы – 250 мың теңге, ал үш дозасы 350 мың теңге деп көрсетілген.