
Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары Гүлайым Рахмонова желідегі парақшасында сүйінші жаңалығын айтты. Инстаграм парақшасында нәрестенің суретін жариялап, көпшілікті таңғалдырды.
Бесінші сәби
Айта кетерлігі, өліммен аяқталған жол апатына қатысты тергеу мен сот процестері жүріп жатқан уақытта Гүлайым бесінші перзентіне аяғы ауыр болған. Бірақ қашан босанғаны белгісіз.
Осы жылдың наурыз айында сот оны кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған еді. Алайда кішкентай балалары бар екені ескеріліп, жазаны өтеу мерзімі 5 жылға шегерілді.
Ажырасу себебі мен мүлік мәселесі
Гүлайым Рахмонова бұған дейін берген сұхбатында әлемге әйгілі спортшымен ажырасуының басты себептеріне тоқталған еді. Балаларының болашағы үшін ол Шавкат Рахмоновтан жылжымайтын мүлікті балалардың атына аударып, жағдайын толық қамтамасыз етуді сұрап отыр.