Жазғы спорт

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов өзі жайында кітап шығармақ

Screenshot

Дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов өзінің алғашқы туындысын оқырман қауымға ұсынды. «Төзім. Сенім. Жеңіс» атты кітап спортшының үлкен спорттағы қиындықтары мен жетістіктерін баяндайды.

Кітап – мақсатқа ұмтылған әрбір жанға жігер беретін, төзімділік пен шынайы сенімнің жеңіске қалай жетелейтінін көрсететін шабытты оқиға.

Тұсаукесер қайда және қашан өтеді?

Кітаптың ресми таныстырылымы мен автограф-сессиясы 24 мамыр күні сағат 15:00 де Алматы қаласындағы Меломан Гранд дүкенінде өтеді. Жанкүйерлер мен оқырмандар чемпионның өзімен жүздесіп, қолтаңба алуға бірегей мүмкіндік алады.

Кітап «Marwin» және «Меломан» дүкендер желісінде сатылымға шығады.