
Бүгін, 18 мамыр – қазақ мәдениеті мен әлемдік әдебиеттің алып тұлғасы, көрнекті қоғам қайраткері, ақын әрі лингвист-ғалым, Қазақстанның Еңбек Ері Олжас Омарұлы Сүлейменовтің мерейлі 90 жасқа толған күні.
Осы айтулы мерейтойға орай, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды ақынның шаңырағына арнайы барып, Олжас Сүлейменовті Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан 90 жас мерейтойымен салтанатты түрде құттықтады.
Президент құттықтауы
Дархан Сатыбалды ақынның үйіне барған сапарында ұлт руханиятының абызына жүрекжарды лебізін білдіріп, оның ел үшін атқарған өлшеусіз еңбегіне шынайы алғысын жеткізді.
«Олжас Омарұлы әдебиетіміздің көкжиегін кеңейтіп, поэзияға жаңа тыныс әкелді. Шығармалары философиялық ойымен, азаматтық ұстанымымен ерекшеленеді», – делінген хабарламада.
18 мамыр күні Олжас Сүлейменов 90 жасқа толды. Бұған дейін Kursiv Media ақынның еңбектеріне тоқталған еді.