Lifestyle

Дархан Сатыбалды Олжас Сүлейменовті Президент атынан құттықтады

Фото: Алматы әкімдігі

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды 90 жасқа толып отырған лингвист-ғалым, Қазақстанның Еңбек Ері Олжас Сүлейменовтің шаңырағына барып, қаламгерге президент құттықтауын жеткізді.

Президент құттықтауы

Дархан Сатыбалды ақынға жүрекжарды лебізін білдіріп, оның ел үшін атқарған өлшеусіз еңбегіне шынайы алғысын жеткізді.

«Олжас Омарұлы әдебиетіміздің көкжиегін кеңейтіп, поэзияға жаңа тыныс әкелді. Шығармалары философиялық ойымен, азаматтық ұстанымымен ерекшеленеді», – делінген хабарламада.

Бұған дейін Kursiv Media ақынның еңбектеріне тоқталған еді.