Димаш Құдайберген Ыстанбұлда өнер көрсетеді

Жарияланды 18 Мамыр 2026 12:08

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Қазақстанның халық әртісі Димаш Кұдайберген
Фото: dimashnews.com

Қазақстанның Халық әртісі, әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген Түркияның Ыстанбұл қаласында өтетін ауқымды мәдени шарада басты қонақтардың бірі болады. Ол VIII Этноспорт мәдениеті фестивалі аясында өзінің концерттік бағдарламасын ұсынады.

Фестиваль қайда және қашан өтеді?

Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының ұйымдастыруымен өтетін айтулы шара ағымдағы жылдың 21–24 мамыр аралығына жоспарланған. Шара Ыстанбұлдағы Ататүрік атындағы әуежайдың аумағында ұйымдастырылады.

Димаш Құдайбергеннің жеке концерті 23 мамыр күні жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де «Türk Telekom» басты сахнасында басталады.

Этноспорт фестивалі жылдан-жылға танымалдылығын арттырып келеді. Өткен 2025 жылы бұл шараға 1 млн-ға жуық адам қатысса, биыл ұйымдастырушылар келушілер санын 1,5 млн-ға жеткізуді көздеп отыр. Димаштың өнер көрсетуі бұл көрсеткішке жетуге үлкен септігін тигізері анық, себебі әншінің түрік еліндегі және әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлері (Dears) Ыстанбұлға ағыла бастады.

Ең басты артықшылығы фестиваль аясындағы және Димаш Құдайбергеннің концертін қоса алғандағы барлық іс-шаралар көпшілік үшін тегін.

Еске сала кетейік, бұған дейін Аргентинада Димаш Құдайберген атындағы музыка кабинеті ашылғаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз