«Анау-мынау»: Қайрат Нұртас пен Лобода бірлескен әндерін жариялады

Жарияланды 20 Мамыр 2026 22:27

(жаңартылды 21 Мамыр 2026 09:03)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
Screenshot

Қайрат Нұртас пен ТМД-ға танымал украиналық әнші Светлана Лобода (LOBODA) бірлесіп, «Анаумынау» атты жаңа қазақша әннің үзіндісін жариялады.

Лобода өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бейнебаяннан үзінді бөлісіп:

«Менің қазақшамды 1-ден 10-ға дейін бағалаңыздар. Қатты сынамаңыздар, барымды салдым! Релиз жақын арада, асыға күтіп жүрмін!» – деп жазды.

Айта кетейік, 24 мамыр күні Қайрат Нұртас Алматы аренада жеке концертін өткізеді. Кеш қонағы Лобада. Жанкүйерлердің топшылауынша дәл осы концертте «Анау-мынау» әні алғаш рет сахнада жанды дауыста шырқалады.

Сондай-ақ оқыңыз