Актер Қажет Смағұл өзінен 25 жас кіші қызға үйленді

Жарияланды 22 Мамыр 2026 23:01

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Фото: threads

Көрерменге «Бизнес по казахски» фильміндегі және өзге де рөлдерімен танымал болған актер Қажет Смағұл жеке өміріндегі жаңалығын айтып, желіні шулатты. Өнер иесі өзінен жас айырмашылығы едәуір кіші арумен некесін қидырғанын ресми түрде мәлімдеді.

Бұл туралы актер өзінің Threads және Instagram парақшасында жазба қалдырып, мешіт алдында түскен суреттерін жариялады.

«Жүрегім тыныш, көзім бақытты…»

Актер өзінің таңдауы түскен жарымен арадағы жас айырмашылығын жасырмай, ашық жазды.

«Көп адам сезіп жүрген шығар… Өзімнен 25 жас кіші… Жүрегім тыныш… көзім бақытты… Қалғанын кейін айтамын. Әзірге бәрін айтпай-ақ қояйын…», – деп жазды актер.

Суреттерден жұптың мешітте мұсылмандық неке (неке қию) рәсімін өткізіп, арнайы куәлік алғанын көруге болады. Алайда актер қалыңдықтың жүзін әзірге смайликпен жауып, оның кім екенін құпия ұстауды жөн көрген.

Еске сала кетейік, бұған дейін әнші Жігер Ауыпбаев өзінен 15 жас кіші қызға үйленген еді.

Сондай-ақ оқыңыз