«Қазақфильм» киностудиясының қызметкерлеріне пәтер кілттері табысталды

Жарияланды 22 Мамыр 2026 14:26

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
фото: instagram qazaqfilm

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай, отандық кино өнерінің қара шаңырағы «Қазақфильм» киностудиясының қызметкерлеріне ерекше құрмет көрсетілді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан кино және мәдениет саласының үздік мамандарына жаңа пәтерлер сыйға тартылды.

Көпшіліктің көзіне түсе бермейтін, бірақ кино өндірісінің алтын діңгегіне айналған Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы» АҚ Цифрлық және пленкалық жобаларды үйлестіру бөлімінің видеофонотека маманы Аққайша Баймұратова мен сценарийлік-редакциялық алқасының деректі кино жөніндегі жетекші маман-редакторы Әсет Ерназаровқа пәтер кілттері табысталды.

Пәтер кілттерін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева салтанатты түрде табыстап, марапат иелерін құттықтады.

Бұған дейін, әнші Мейрамбек Беспаев «Парасат» орденімен марапатталғанын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз