«Актермін мен, мың өліп, мың тірілген»: Асанәлі Әшімовтің кітаптары сатылымға шықты

Жарияланды 26 Мамыр 2026 14:48

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
коллаж: kursiv.media

Қазақ өнерінің аңызы, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, театр мен киноның көрнекті шебері Асанәлі Әшімовтің «Актермін мен, мың өліп, мың тірілген» атты кітабы қайта басып шығарылып, оқырманға жол тартты. Кітап Mazmundama баспасынан жарық көріп, ресми түрде сатылымға шықты.

Кітап не туралы?

Баспаның мәліметінше, кітап негізінен актердің 2012 жылғы күнделік жазбалары мен ой-толғаныстарынан тұрады. Оқырман бұл еңбекті парақтай отырып, экран мен сахнадан тек мықты, қайсар бейнеде көрінетін тұлғаның артында қаншама сынаққа толы тағдыр, өмірмен күрес және ешқашан сынбаған рух жатқанын терең сезіне алады.

Кітапты онлайн Kaspi дүкенінен де сатып алуға болады.

Еске сала кетейік, Асанәлі Әшімов 2025 жылдың 21 желтоқсанында 88 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. 10 мамыр күні Алматыда Асанәлі Әшімовтің өміріне негізделген «Тағдыр тақтасы» драмасы қойылған еді.

Сондай-ақ оқыңыз