
Freedom Ticketon ұсынған 21-24 мамыр аралығындағы ең көп касса жинаға фильмдердің арасында отандық кино әлемге әйгілі «Жұлдызды соғыстар» (Star Wars) франшизасының жаңа туындысын шаң қаптырды.
«Хотя бы кинода 4» комедиясы демалыс күндері 77 600 400 теңге жинап, үш апта бойы бірінші орыннан түспей келеді.
Ал прокатқа енді шыққан голливудтық блокбастер «Мандалорлық пен Грогу» (The Mandalorian & Grogu) 75 777 400 теңгемен екінші орынға табан тіреді.
Топ-5 фильмнің көрсеткіші
Өткен демалыс күндері ең көп касса жинаған бес туындының тізімі:
| Орын | Фильм атауы | Кассалық жиынтық (₸) | Прокаттағы аптасы |
| 1 | Хотя бы кинода 4 | 77 600 400 | 3-ші уикенд |
| 2 | Мандалорлық пен Грогу | 75 777 400 | 1-ші уикенд |
| 3 | Майкл | 59 001 618 | 5-ші уикенд |
| 4 | Mangyshlaq express. Пойыздағы паника | 46 848 850 | 2-ші уикенд |
| 5 | Prada киген әзәзіл 2 | 46 150 600 | 4-ші уикенд |
Айта кетейік, «Хотя бы кинода» фильмі өткен аптада 412 млн табыс тапқан еді.