«Хотя бы кинода 4» фильмі «Мандалорлық пен Грогуды» шаң қаптырды

Жарияланды 26 Мамыр 2026 11:25

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Photo by Paula Lobo/ABC via Getty Images

Freedom Ticketon ұсынған 21-24 мамыр аралығындағы ең көп касса жинаға фильмдердің арасында отандық кино әлемге әйгілі «Жұлдызды соғыстар» (Star Wars) франшизасының жаңа туындысын шаң қаптырды.

«Хотя бы кинода 4» комедиясы демалыс күндері 77 600 400 теңге жинап, үш апта бойы бірінші орыннан түспей келеді.

Ал прокатқа енді шыққан голливудтық блокбастер «Мандалорлық пен Грогу» (The Mandalorian & Grogu) 75 777 400 теңгемен екінші орынға табан тіреді.

Топ-5 фильмнің көрсеткіші

Өткен демалыс күндері ең көп касса жинаған бес туындының тізімі:

ОрынФильм атауыКассалық жиынтық (₸)Прокаттағы аптасы
1Хотя бы кинода 477 600 4003-ші уикенд
2Мандалорлық пен Грогу75 777 4001-ші уикенд
3Майкл59 001 6185-ші уикенд
4Mangyshlaq express. Пойыздағы паника46 848 8502-ші уикенд
5Prada киген әзәзіл 246 150 6004-ші уикенд

Айта кетейік, «Хотя бы кинода» фильмі өткен аптада 412 млн табыс тапқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз