Жылжымайтын мүлік

Қайрат Сатыбалдыдан қайтарылған Kaisar Plaza құны арзандатылды

Ғимарат Алматыда орналасқан

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыдан мемлекетке қайтарылған Kaisar Plaza ғимаратының құны арзандады.

«Kaisar Plaza» бизнес-орталығы – «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС меншігіндегі актив. Ғимарат құны бастапқыда 61,5 млрд теңге деп бағаланды. Алайда бағасы түсіп, 54,4 млрд теңгеге сатылғалы отыр.

Жаңа баға бойынша сауда 17 маусымда өтеді.

фото: sauda.e-qazyna.kz 6сайтында жасалған скриншот

Аукционға қатысу үшін 8,1 млрд теңге кепілдік жарна төлеу керек.

«Kaisar Plaza» Алматы қаласының Алмалы ауданында Желтоқсан және Бөгенбай көшелерінің қиылысында орналасқан. Ауданы – шамамен 64 мың шаршы метр.  Ғимаратта сауда нүктелері, қаржы мекемелері, кеңселер, кафе мен мейрамханалар жұмыс істеп тұр.

Ғимараттың нарықтағы құны – 44,5 млрд теңге. Ал ғимарат орналасқан жердің құны 2, 8 млрд теңге деп бағаланған.

Бұған дейін Алматыда орналасқан «Байсат» көтерме-бөлшек сауда орталығы осымен бесінші мәрте электронды аукционда өтпей қалған