Мұхтар Жәкішевтің қызы шетелдік азаматқа тұрмысқа шықты

Жарияланды 4 Маусым 2026 08:28

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
Фото: instagram

Желіде «Қазатомөндіріс» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы, кәсіпкер Мұхтар Жәкішевтің қызы Алтынай Жәкішеванің тұрмысқа шығуы қызу талқыланып жатыр.

Жұптың үйлену тойындағы суреттері көпшіліктің назарын аударып, желіде үлкен талқылау тудырды. Оқырмандар екі түрлі ұлт өкілінің қосылғанын да, жастардың ерекше стилін де жарыса жазып жатыр.

«Халықаралық той өтті! Көз тимесін, неткен стильді жұп!»
«Гүл шоғы керемет екен! Қалыңдыққа қараңыздаршы, өте сымбатты».
«Әдемі жұп! Қалыңдықтың сұлулығына сөз жоқ, әсіресе көздері қандай әдемі!»
«Қандай стильді әрі көркем жұп, жастарға бақыт тілеймін!»
«Соңғы уақыттағы ең стильді дуэттердің бірі»

Алтынайдың өзі бұған дейін өміріндегі бұл маңызды оқиғаның мән-жайымен бөліскен болатын. Оның айтуынша, неке қиюдың ресми азаматтық рәсімі Лондонда, тек жақын отбасы мүшелерінің ортасында өткен.


«9 мамырда Лондондағы ратушада отбасымыздың ортасында ресми некеміз қиылды. Бізге жаңбыр жауады деп болжаған еді, бірақ күні бойы күн жарқырап, аспан ашық болды. Бұл күні мен ресми түрде Mrs OJ атандым», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Алтынай Жәкішева 1999 жылы дүниеге келген. Лондонда модель болып жұмыс істейді.

Мұхтар Жәкішев – оның әкесі, «Қазатомөндіріс» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы. Ол бұл компанияны 1998 жылдан 2009 жылға дейін басқарды. 2010 жылдың наурызында сот Жақышевты сыбайлас жемқорлық бойынша айыпты деп танып, 14 жылға қатаң режимдегі колонияға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. 2020 жылы ол мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шықты.

Сондай-ақ оқыңыз