Lifestyle

Алматыда «Опера түні» өтеді

Абай опера театрында «опера түні» өтеді/фото: gov.kz

Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында ауқымды Open-Air концерті өтеді. «Опера түні» театрдың 92-маусымының аяқталуына орай ұйымдастырылады.

Кеш барысында театр алдындағы алаңда симфониялық оркестр сүйемелдеуімен операның жетекші солистері мен хор ұжымы өнер көрсетеді. Олар әлемдік және ұлттық классиканың үздік шығармаларын орындайды.

Сондай-ақ театрдың ішіне кіріп, өнерпаздардың қойылымға қалай және қай жерде дайындалатынын көруге болады.

«Опера түні» екі күн қатарынан болады. 25 маусым сағат 20:00-де театр алаңында және 26 маусым сағат 21:00 және 22:00-де ARTE галереясында өтеді.

Айта кетейік, Алматы жаз бойы «ALMATY SUMMER FEST» фестивалі өтеді.