
Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында ауқымды Open-Air концерті өтеді. «Опера түні» театрдың 92-маусымының аяқталуына орай ұйымдастырылады.
Кеш барысында театр алдындағы алаңда симфониялық оркестр сүйемелдеуімен операның жетекші солистері мен хор ұжымы өнер көрсетеді. Олар әлемдік және ұлттық классиканың үздік шығармаларын орындайды.
Сондай-ақ театрдың ішіне кіріп, өнерпаздардың қойылымға қалай және қай жерде дайындалатынын көруге болады.
«Опера түні» екі күн қатарынан жалғасады. 25 маусым сағат 20:00-де театр алаңында және 26 маусым сағат 21:00 және 22:00-де ARTE галереясында өтеді.
Айта кетейік, Алматы жаз бойы «ALMATY SUMMER FEST» фестивалі өтеді.