Димаш Құдайберген жаңа деректі фильмінің трейлерін ұсынды

Жарияланды 9 Маусым 2026 12:20

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
фото: скрин

Димаш Құдайберген 2025 жылы 5 қазан күні Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden сахнасында өзінің ауқымды «Stranger» шоуын көрермен назарына ұсынды. Димаш аңызға айналған сахнаға табаны тиген ТМД елдерінен шыққан алғашқы әртіс ретінде тарихқа енді.

АҚШ төрінде шырқалған әнұран

Нью-Йорк төріндегі Madison Square Garden сахнасында тұңғыш рет Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалып, мыңдаған шетелдік көрермен қазақ тіліндегі әндерді ұйып тыңдады.

Бағдарлама аясында Димаш жанкүйерлеріне үлкен тосынсый жасап, өзінің авторлық жаңа туындысы – «Самғау» әнінің тұсауын кесті. Сондай-ақ кеште алғаш рет орындалған «Love’s Not Over Yet» композициясы көрерменнің жүрегінен жол тапты. Әнді екі мәрте беделді «Grammy» сыйлығының иегері атанған атақты продюсер әрі композитор Уолтер Афанасьевтің өзі рояльде сүйемелдеді.

Ендігі кезекте, жаңа концерттік турдың қарсаңында жанкүйерлер үшін тағы бір құнды дүние жарыққа шықпақ. Димаш, оның кәсіби командасы мен отбасы осы тарихи оқиғаға бастау болған күрделі де қызықты еңбек жолы туралы естеліктерімен, ішкі әсерлерімен және шынайы эмоцияларымен бөліседі.

Еске сала кетейік, бұған дейін блогер Сабина Мовлаева Димаш Құдайбергенмен кездескенін айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз