Lifestyle

«Қайраттың Дастаны, қазақтың баласы»: Төреғали Төреәлі Сәтбаевқа ән арнады

Коллаж: Kursiv.media

Алматының Орталық стадионында футбол мен қазақ эстрадасы тоғысқан ерекше сәт орын алды. Танымал әнші Төреғали Төреәлі «Қайрат» қазақ футболының мақтанышы Дастан Сәтбаевқа арнайы шығарған жаңа әнін көпшілікке тарту етті.
Жаңа туындының тұсаукесері «Қайрат» пен «Қызылжар» арасындағы кездесудің үзілісінде, дәл жасыл алаңның ортасында өтті.

Стадионды тербеткен рухты жолдар

Ән басталған сәттен-ақ стадионға жиналған мыңдаған жанкүйердің делебесі қозды. Әсіресе, Алматы қаласы мен Дастан Сәтбаевтың тұлғасын ұлықтайтын мына жолдар жүрекке жылы тиді:

«Алтын күн аспаны, алтын дән даласы,
Айбыныңды асырған Алматы қаласы.
Қайраттың Дастаны, Қазақтың баласы…

Бұдан бөлек, әнші «Қайрат» жанкүйерлерінің әнұранына айналған «Алматы ең алғашқы махаббатым» әнін де орындады.

Еске сала кетейік, 17 маусым күні Алматыда Дастан Сәтбаевтың «Челсиге» кетер алдында, қоштасу рәсімі өткен еді.