
21 маусым күні әлем чемпионатында бірнеше қызықты матч өтеді. Күндізгі ойында Тунис пен Жапония кездессе, кешкі басты ойындардың бірі – Испания мен Сауд Арабиясы матчы. Ал түнге қарай Бельгия – Иран, Уругвай – Кабо-Верде және Жаңа Зеландия – Мысыр ойындары өтеді. Астана уақытымен алғанда, матчтардың бір бөлігі 22 маусымға ауып кетеді.
Испания алғашқы турдағы сүреңсіз нәтижеден кейін жеңіске ұмтылады. Бельгия мен Иран үшін де бұл ойынның маңызы жоғары: екі команда да топтан шығуға бар күшін салады Ал Уругвай – Кабо-Верде кездесуінде тәжірибе мен дебютанттың қайсарлығы сыналады.
Бүгінгі матчтар: Астана уақытымен
Айта кетейік, сенбі, 20 маусым күнгі матчта Кот-д’Ивуар сенсацияға жақын еді, бірақ Ундав бәрін өзгертті.