Абай Бегейдің әйелі Фариза Жұманова шымкенттіктерге тіл тигізгені үшін кешірім сұрады

Жарияланды 22 Маусым 2026 11:18

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
фото: instagram.com/fari___za____zhan/ бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев
фото: instagram.com/fari___za____zhan/ бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев

Абай Бегейдің әйелі Фариза Жұманова шымкенттіктерге тіл тигізгені үшін әлеуметтік желі арқылы кешірім сұрады.

Блогер жолда нөмірінің соңғы сандары 13-пен аяқталатын, яғни түркістандық бір көліктің кесірінен жол апатына түсуге шақ қалған. Артынша ашумен ызалы жазба қалдырған.

«Кім таниды? Таза д. екен! Шымкент десе, ренжисіңдер. Авария бола жаздадық», – деп пост қалдырған еді блогер Threads-те.

Көп ұзамай Фариза Жұманова артық кеткенін түсініп, көпшіліктен кешірім сұрады. Ол бір түннің ішінде жазбасы дүмпу тудырады деп ойламаған. Шымкентте өзі оқығанын, сол жақта тұратын достары мен жақындары бар екенін алға тартты.

«Қатты эмоцияға беріліп, бір өлім аузынан қалған сәтте айтқан сөздерім үшін кешірім сұраймын. Ол сөздер расымен саналы түрде емес, қатты қорқып, ашуланғаннан жазылды. Кешіріммен қарап, түсіністік танытуларыңызды сұраймын», – деп жазды блогер.

Айта кететін жайт, Абай Бегей мен Фариза наурыз айында сегізінші баласын дүниеге әкелген еді.

Сондай-ақ оқыңыз