Tанымал K-pop айдолы фильмге түсу үшін Алматыға келді

Жарияланды 22 Маусым 2026 19:28

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General news бөлімінің журналисі a.tolendi@kursiv.media
Известный K-pop-айдол из THE BOYZ приехал в Алматы на съемки фильма
Tанымал K-pop айдолы фильмге түсу үшін Алматыға келді / Фото: instagram.com/__qfeed__, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Оңтүстік Кореяның танымал K-pop тобы THE BOYZ-дың мүшесі Кью (шын есімі — Чи Чан Мин) Алматыға келді. Әртістің бірлескен Қазақстан-Оңтүстік Корея фильмінің түсіріліміне қатысатыны хабарланды.

Әуежайда айдолды плакаттар, фотосуреттер және сыйлықтар ұстаған ондаған жанкүйер қыздар қарсы алды. Кью жанкүйерлерімен амандасып, автограф қалдыру және бірнеше естелік суретке түсу үшін аялдады.

Жобаның өзі туралы әзірге көп мәлімет жоқ. Алдын ала ақпарат бойынша, түсірілім жұмыстары Алматы мен Сеулде өтеді, ал басты әйел рөлін қазақстандық актриса сомдайды. Фильмнің премьерасы жыл соңына дейін күтілуде.

Кью үшін бұл алғашқы ірі актерлік жобалардың бірі. Бұған дейін әртіс ең алдымен 2017 жылы дебют жасаған, төртінші буынның ең танымал K-pop топтарының бірі – THE BOYZ-дың мүшесі ретінде белгілі болатын. Соңғы уақытта ол корей дорамалары мен веб-сериалдарына да түсе бастады.

Айта кетейік бұған дейін Маңғыстауда Джеки Чан ойнайтын «Құдіретті сауыт-сайман 4: Ультиматум» фильмінің түсірілімі басталғанын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз