Экономика

Қазақстан банктері 5 айда қанша табыс тапты (инфографика)

Қаңтар-мамыр айларында ЕДБ қанша табыс алды / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше, 2026 жылғы қаңтар-мамырда Қазақстан банктерінің таза табысы 1,04 трлн теңгені құрады. Сектордағы пайданың негізгі бөлігі бірнеше ірі банкке тиесілі.

Ең көп таза табыс тапқан банк – Halyk Bank. Оның қаңтар-мамырдағы таза табысы 398,3 млрд теңге болды. Бұл бүкіл банк секторы табысының шамамен 38,5%-ы.

Екінші орында Kaspi Bank тұр – 191,9 млрд теңге. Үздік үштікті Банк ЦентрКредит түйіндейді, оның таза табысы 87,9 млрд теңге болды.

Одан кейінгі орындарда Отбасы банк – 68,9 млрд теңге, ForteBank – 54,8 млрд теңге, Alatau City Bank – 43,3 млрд теңге және Ситибанк Қазақстан – 41,7 млрд теңге.

Жалпы алғанда, алғашқы бес банк сектордағы таза табыстың шамамен 77%-ын жинаған. Бұл Қазақстан банк нарығында пайданың әлі де ірі ойыншылардың қолында шоғырланғанын көрсетеді.

Кей банктердің көрсеткіші салыстырмалы түрде төмен. Мысалы, Нұрбанк – 3,3 млрд теңге, KMF Банк – 3,4 млрд теңге, ADCB Ислам банкі – 2,8 млрд теңге таза табыс тапты.

Ал «Коммерциялық Банк БиЭнКей» қаңтар-мамыр қорытындысы бойынша 1,1 млрд теңге шығын алған.

Тағы да оқыңыз: КТС, ҚҚС, МРТ және мықты теңге: Қазақстан банктері үшін 2026 жыл неге ауыр басталды.