Экономика

Доллар бірден 3 теңге арзандап, 475,6 теңгені құрады

бейсенбідегі доллар бағамы / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

KASE валюта биржасында 2 шілдедегі сағат 10:55 те доллар құны 475,5 теңгеге дейін түсті. Бұл сәрсенбі күнгі сауда қорытыныдысымен салыстырғанда 3 теңгеге арзан.

Алматы қаласындағы валюта айырбастау орталықтары теңгені 475-476 теңге аралығында қабылдап жатыр. Ал керісінше халыққа валютаны 478-479 теңгеге сатуда.

Айта кетейік теңге бағамына әсер етеуші маңғызды сыртқы факторлардың бірі – мұнай бағасы бүгінде барреліне 70,6 долларға дейін төмен саудалануда. Сонымен қатар доллар индексі 101,3 пайыздық пунктке жетіп, нығайып тұр.

Ұлттық Банк шілде айында ішкі валюта нарығында Ұлттық қордан 200–300 млн АҚШ доллары көлемінде валюта сатуды жоспарлап отыр.

ҚҚҚ мәліметінше қазір шетелдік инвесторлар Қазақстанның бағалы қағаздарына көп инвестиция сала бастаған. Қаржыгерлер шетелдік инвесторлардың белсенділігіне теңгенің нығаюы да әсер етуі мүмкін екенін айтуда.