Спорт

Қазақстандықтар қай спорт түрімен көп шұғылданады

Қазақстанда 3 жастан асқан тұрғындардың 47,7%-ы дене шынықтырумен және спортпен тұрақты айналысады/фото: kursiv.media архиві

Қазақстанда 3 жастан асқан тұрғындардың 47,7%-ы дене шынықтырумен және спортпен тұрақты айналысады. Бұл – 2025 жылғы көрсеткіш.

Ranking.kz дерегіне сәйкес, қалаларда спортпен шұғылданатындардың үлесі 48,3%-дан 49,3%-ға дейін өссе, ауылдық жерлерде 43,5%-дан 45%-ға дейін артқан.

Ең танымал спорт түрі

Қазақстанда ең көп сұранысқа ие спорт түрі – футбол. 2025 жылы елде 19,4 мың футбол секциясы жұмыс істеп, ол жерде 1,1 млн адам футболмен айналысқан. Бұл – елдегі барлық спорт секцияларының 11,4%-ы, ал спортпен айналысатындардың 16%-ы. Футбол секцияларының жартысынан көбі – 9,9 мыңы ауылдық жерлерде орналасқан. Оларда 522 мың адам жаттыққан.

Футболдан кейін елде танымал спорт түрі ішінде тоғызқұмалар пен қазақ күресі тұр. Екі спорт түрі бойынша жалпы 11,1 мың секция жұмыс істеп, 367,5 мың адам айналысқан.

Қатысушылар саны бойынша футболдан кейін волейбол тұр. Бұл спорт түрімен 725,3 мың адам айналысады.

Одан бөлек баскетбол, үстел теннисі, шахмат, жеңіл атлетика, футзал, дойбы және бокс та танымал спорт қатарында тұр.

Айта кетейік, қазақстандық футболшы Дастан Сәтбаев 2025 жылы лондондық «Челсимен» 5 жылға келісімшартқа отырды. 2026 жылдың 27 маусымында Лондонға аттанды.