Елде бала туу көрсеткіші төрт жылда 25%-ға төмендеді

Жарияланды 3 Шілде 2026 15:28

Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General news бөлімінің аға журналисі a.taubay@kursiv.media
Елде бала туу көрсеткіші төмендеді/фото: shutterstock

Қазақстанда бала туу көрсеткіші төмендеп барады. Ұлттық статистика бюросы дерегінше, отбасыда орташа есеппен бір баладан бар. Кейінгі төрт жылда туу көрсеткіші 24,9%-ға төмендеген. Бұл туралы Ranking.kz жазды.

Бірнеше жыл бойы отбасылардағы бала саны 1,1 деңгейінде болған. Алайда биыл 0,1-ге азайған. Алайда өңірлердегі жағдай әртүрлі. Мәселен балалар саны ең көп өңірлерде көрсеткіш республикадағы орташа деңгейден жоғары:

  • Түркістан облысы – 2,1
  • Қызылорда облысы – 1,7
  • Жамбыл облысы – 1,4
  • Шымкент қаласы – 1,2.

Ал ірі мегаполистерде бұл көрсеткіш орташа деңгейден төмен:

  • Алматыда – 0,6
  • Астанада – 0,8

Ең төмен көрсеткіш Шығыс Қазақстан облысында тіркелген – 0,5.

Биыл 20 өңірдің 14-інде бұл көрсеткіш 2025 жылмен салыстырғанда төмендеген.

Айта кетейік, 2021 жылы елде 445,9 мың сәби дүниеге келсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 335 мыңға дейін төмендеген.

Бұған дейін Ұлттық статистика бюросы 2026 жылдың қаңтарында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда туу көрсеткіші 1,8%-ға артқанын жариялады.

Сондай-ақ оқыңыз