
Мәдениет министрлігі қай өңірдің тұрғындары кітапты көп оқитынын жариялады. Тізімді Павлодар облысы бастап тұр. Мұнда халықтың 47 пайызы кітап оқиды деп көрсетілген.
Одан кейінгі орындарда Солтүстік Қазақстан облысы (45%) және Батыс Қазақстан облысы (42%) тұр.
Ел бойынша жалпы бір жыл ішінде өңірлердегі кітапханаларға 906,5 мың кітап түскен. Соның 662,3 мыңы қазақ тілінде шыққан. Осылайша қазақ тіліндегі әдебиеттер қоры 30,3 млн данаға жетті. Бұл – жалпы кітапхана қорының 41,7%-ы.
Көпшілік кітапханаларға баратындардың басы бөлігі – балалар мен жастар. Арасында 15 жасқа дейінгі 1,75 млн бала мен 1,38 млн жас бар. Ересек оқырмандардың саны – 2,4 млн адам.
Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» жарлыққа қол қойды.