Lifestyle

Елде қай өңірдің тұрғындары кітапты көп оқиды

Академкнига, кітап
Қазақ тіліндегі әдебиеттер қоры 30,3 млн данаға жетті/фото: Kursiv Media

Мәдениет министрлігі қай өңірдің тұрғындары кітапты көп оқитынын жариялады. Тізімді Павлодар облысы бастап тұр. Мұнда халықтың 47 пайызы кітап оқиды деп көрсетілген.

Одан кейінгі орындарда Солтүстік Қазақстан облысы (45%) және Батыс Қазақстан облысы (42%) тұр.

Ел бойынша жалпы бір жыл ішінде өңірлердегі кітапханаларға 906,5 мың кітап түскен. Соның 662,3 мыңы қазақ тілінде шыққан. Осылайша қазақ тіліндегі әдебиеттер қоры 30,3 млн данаға жетті. Бұл – жалпы кітапхана қорының 41,7%-ы.

Көпшілік кітапханаларға баратындардың басы бөлігі – балалар мен жастар. Арасында 15 жасқа дейінгі 1,75 млн бала мен 1,38 млн жас бар. Ересек оқырмандардың саны – 2,4 млн адам.

Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» жарлыққа қол қойды.