Экономика

Қазақстанда қай өңір бюджеттен көп ақша алды

Субвенцияға мұқтаж өңірлер / фото: Нұрсұлтан Ерболатұлы

2026 жылдың қаңтар–мамыр айларында қаржыминнің мәліметінше республикалық бюджеттен өңірлерге берілген субвенция көлемі 2,25 трлн теңгеге жетті. Бұл қаржы республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерді теңестіру үшін бөлінеді.

Ең көп субвенция алған өңір – Түркістан облысы. Бес айда өңірге 436,5 млрд теңге бағытталған. Бұл барлық субвенцияның шамамен бестен біріне жуық.

Қай өңір қанша субвенция алды?

2026 жылғы қаңтар–мамыр есебі. Көрсеткіштер 18-кестедегі млн теңгеден млрд теңгеге айналдырылды.

2026 қаңтар–мамыр
Субвенция алған өңірлер 17
Жалпы субвенция 2 246,6 млрд ₸
Ең көп алған өңір Түркістан — 436,5
Донор аймақтардан алу 444,7 млрд ₸
Республикалық бюджеттен субвенция алған өңірлер
Түркістан облысы 436,5 млрд ₸
Қызылорда облысы 221,2 млрд ₸
Жамбыл облысы 210,0 млрд ₸
Қостанай облысы 183,4 млрд ₸
Ақмола облысы 170,0 млрд ₸
Солтүстік Қазақстан облысы 164,4 млрд ₸
Жетісу облысы 150,0 млрд ₸
Қарағанды облысы 126,8 млрд ₸
Шығыс Қазақстан облысы 110,0 млрд ₸
Абай облысы 108,9 млрд ₸
Ақтөбе облысы 82,1 млрд ₸
Батыс Қазақстан облысы 80,2 млрд ₸
Шымкент қ. 76,1 млрд ₸
Алматы облысы 47,0 млрд ₸
Маңғыстау облысы 46,6 млрд ₸
Ұлытау облысы 25,4 млрд ₸
Павлодар облысы 7,8 млрд ₸
Донор аймақтар: жергілікті бюджеттерден бюджеттік алулар
Алматы қаласы 319,3 млрд ₸
Астана қаласы 63,5 млрд ₸
Атырау облысы 61,8 млрд ₸
Дерек: 18-кесте. Өлшем бірлігі — млрд теңге. Көрсеткіштер бір ондыққа дейін дөңгелектелді.
Инфографика: Нұрсұлтан Ерболатұлы

Одан кейін Қызылорда облысы тұр. Өңір 221,2 млрд теңге алған. Үшінші орында Жамбыл облысы — 210,0 млрд теңге. Қостанай облысына 183,4 млрд теңге, Ақмола облысына 170,0 млрд теңге бөлінген.

Субвенция көлемі жоғары өңірлер қатарында Солтүстік Қазақстан облысы да бар — 164,4 млрд теңге. Жетісу облысы 150,0 млрд теңге, Қарағанды облысы 126,8 млрд теңге алды.

Ал ең аз субвенция алған өңір — Павлодар облысы. Оның көрсеткіші 7,8 млрд теңге ғана. Ұлытау облысына 25,4 млрд теңге, Маңғыстау облысына 46,6 млрд теңге, Алматы облысына 47,0 млрд теңге бөлінген.

Донор аймақтар

2026 жылдың қаңтар–мамырында жергілікті бюджеттерден бюджеттік алулар көлемі 444,7 млрд теңге болды. Оның негізгі бөлігі Алматы қаласына тиесілі — 319,3 млрд теңге. Астана қаласынан 63,5 млрд теңге, Атырау облысынан 61,8 млрд теңге алу қарастырылған.

Яғни, бес айдың қорытындысы бойынша елде 17 өңір республикалық бюджеттен субвенция алса, үш аймақ донор ретінде көрсетілген: Алматы қаласы, Астана қаласы және Атырау облысы.

Тағы да оқыңыз: Қазақстанның мемлекеттік қағаздарына сырттан ақша көп келе бастады.