Ирина Кайратовна тобының солисі Respublica партиясының мүшесі болды

Жарияланды 5 Шілде 2026 13:05

(жаңартылды 7 Шілде 2026 10:33)
Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General news бөлімінің журналисі a.tolendi@kursiv.media
Ирина Кайратовна тобының мүшесі Respublica партиясына кірді / Фото: Youtube / ИК

Ирина Кайратовна тобының продюсері әрі солисі, белгілі әнші әрі блогер Азамат Маркленов Respublica партиясының мүшесі болды. Бұл туралы партияның Құрылтай алдындағы съезінде белгілі болған.

Съезд барысында Маркленов креативті индустрия Қазақстан экономикасының жаңа өсім нүктелерінің біріне айналуы мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, партия IT мамандарын, музыканттарды, дизайнерлерді, сәулетшілерді және стартап негізін қалаушыларды қолдауға ниетті.

Respublica партиясының сайлауалды бағдарламасына креативті бизнесті дамыту, экспорттық түсімдерді салықтан босату, жастар кәсіпкерлігін қолдау және жеңілдетілген қаржыландыру тетіктерін кеңейту бағытындағы бастамалар енгізілген.

Айта кетейік, 4 шілдеде Астана қаласында партияның V кезектен тыс съезі өткен. Ол жерде партия алдағы Парламент сайлауына үміткерлер тізімін бекітуге тиіс болған. Маркленов өзінің үміткерлер тізімінде жоқ екенін айтқан. Үміткерлер қатарында партия төрағасы, мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров және Respublica партиясының тең төрағасы, Alibekov Media Group компаниясының басқарушы серіктесі Бейбіт Әлібеков те бар.

Съезд барысында Қожаназаров партия төрағалығына қайта сайланғанын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз