КешYou-дің бұрынғы әншісі Әнел Әрінова жаңа қыздар тобын құратынын жариялады

Жарияланды 7 Шілде 2026 11:06

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
Фото: instagram

«КешYOU» тобының бұрынғы солисі, танымал әнші Әнел Әрінова отандық шоу-бизнесте жаңа жобаның тұсауын кеспек. Өнер иесі өзінің инстаграм парақшасында видеоүндеу жариялап, «ShamiS» атты жаңа герлз-бэндке кастинг жариялады.

Үміткерлерге қойылатын басты талаптар:

Әнел Әрінова болашақ топ мүшелерін таңдауда өзіндік қатаң әрі нақты критерийлер бекіткен. Оның айтуынша, топқа табиғи сұлулыққа мән беретін қыздар таңдап алынады.

  • Жасы: 18 бен 25 жас аралығында
  • Бойы: 170 см-ден төмен емес
  • Модельдік сырт келбет (жасанды кірпік, тым үлкен ерін және татуажсыз, табиғи сұлулыққа басымдық беріледі)
  • Кәсіби деңгейде ән айта алу және билей білу қабілеті.
  • Қазақ тілін еркін меңгерген болу керек.

Кастингке қалай қатысуға болады?

Жобаға қатысуға ниетті қыздар мына материалдарды жолдауға тиіс:

  1. Ағылшын тілінде ән айтқан видеосын;
  2. Қазақ тілінде ән айтқан видеосын;
  3. Бірнеше сапалы фотосурет (портрет және бойын толық көрсететін суреттер);
  4. Өзі туралы қысқаша ақпарат (жасы, бойы, туған қаласы және сахналық тәжірибесі болса, соны көрсету керек).

Өтінімдерді әншінің инстаграм парақшасындағы Direct-ке немесе anel.arinova.81@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет.

Әнел Әрінова онлайн-іріктеуден өткен арулармен Алматыда жеке кездесіп, финалдық кезеңді өткізетінін айтты.

Бұған дейін продюсер Баян Алагөзова KeshYou-ді екі рет сатудан бас тартқанын айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз