
«КешYOU» тобының бұрынғы солисі, танымал әнші Әнел Әрінова отандық шоу-бизнесте жаңа жобаның тұсауын кеспек. Өнер иесі өзінің инстаграм парақшасында видеоүндеу жариялап, «ShamiS» атты жаңа герлз-бэндке кастинг жариялады.
Үміткерлерге қойылатын басты талаптар:
Әнел Әрінова болашақ топ мүшелерін таңдауда өзіндік қатаң әрі нақты критерийлер бекіткен. Оның айтуынша, топқа табиғи сұлулыққа мән беретін қыздар таңдап алынады.
- Жасы: 18 бен 25 жас аралығында
- Бойы: 170 см-ден төмен емес
- Модельдік сырт келбет (жасанды кірпік, тым үлкен ерін және татуажсыз, табиғи сұлулыққа басымдық беріледі)
- Кәсіби деңгейде ән айта алу және билей білу қабілеті.
- Қазақ тілін еркін меңгерген болу керек.
Кастингке қалай қатысуға болады?
Жобаға қатысуға ниетті қыздар мына материалдарды жолдауға тиіс:
- Ағылшын тілінде ән айтқан видеосын;
- Қазақ тілінде ән айтқан видеосын;
- Бірнеше сапалы фотосурет (портрет және бойын толық көрсететін суреттер);
- Өзі туралы қысқаша ақпарат (жасы, бойы, туған қаласы және сахналық тәжірибесі болса, соны көрсету керек).
Өтінімдерді әншінің инстаграм парақшасындағы Direct-ке немесе anel.arinova.81@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет.
Әнел Әрінова онлайн-іріктеуден өткен арулармен Алматыда жеке кездесіп, финалдық кезеңді өткізетінін айтты.
Бұған дейін продюсер Баян Алагөзова KeshYou-ді екі рет сатудан бас тартқанын айтқан еді.