Холандқа ұқсайтын ресейлік қыз желі жұлдызына айналды

Жарияланды 9 Шілде 2026 10:45

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
Коллаж: kursiv.media

24 жастағы ресейлік модель Анастасия Костромитина күтпеген жерден танымал болды. Модель өзінің instagram парақшасында норвег футболшысы Эрлинг Холандқа ұқсайтын суреттерін салып желі қолданушыларын таңғалдырды.

Жақында ғана Әлем чемпионатының 1/8 финалында Бразилия құрамасына екі гол соғып, командасына жеңіс сыйлаған Холанд туралы әңгіме одан сайын қыза түскен еді. Осындай сәтте жарияланған Анастасияның видеосы 100 миллионнан астам қаралым жинап үлгерді. Желі қолданушылары пікірлер бөлімінде модель қыздың шынымен де норвегиялық шабуылшыдан айнымай қалғанын жарыса жазып, қызу талқылап жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз