«Сен және мен»: Қайрат Нұртас Балжан Бидашпен дуэт жазды

Жарияланды 10 Шілде 2026 15:35

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
Фото: видеодан скрин

Қайрат Нұртас пен Балжан Бидаш тыңдармандарын жаңа туындымен қуантты. Өнер иелері «Сен және мен» атты бірлескен туындысын жарыққа шығарды. 

Жаңа әннің тұсаукесері қос әртістің әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланып, бірден желі қолданушыларының қызығушылығын тудырды.

«YouTube және барлық музыкалық платформалардан тыңдай аласыздар», – деп жазды Балжан Бидаш өзінің парақшасында.

Жанкүйерлер жаңа әнге жоғары баға беріп, «Керемет дуэт!», «Ән өте әдемі шыққан» деген сияқты ақ тілектерін жазып жатыр.

Бұған дейін, Қайрат Нұртас украиналық әнші Светлана Лобадамен дуэт жазған еді.

Сондай-ақ оқыңыз