Жаңалықтар

Қазақстан аумағында төтенше өрт қаупі жоғары

Қазақстан аумағында төтенше өрт қаупі жоғары / Фото: Shutterstock

Қазақстанның басым бөлігінде жоғары немесе төтенше өрт қаупі күтіледі, деп хабарлады Қазгидромет.

Жоғары өрт қаупі Жамбыл және Ақмола облыстарында, сондай-ақ, Ұлытау облысында болжануда. Сонымен қатар, жоғары деңгейдегі өрт қаупі мына аймақтарда күтіледі:

  • Қызылорда облысының орталығы мен солтүстігінде;
  • Жетісу облысының батысы мен орталығында;
  • Алматы облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде және орталығында;
  • Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында;
  • Атырау облысының батысы мен оңтүстік-шығысында;
  • Батыс Қазақстан облысының батысында;
  • Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында;
  • Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында;
  • Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен оңтүстігінде;
  • Қарағанды облысының оңтүстігі мен шығысында;
  • Павлодар облысының батысы мен шығысында;
  • Қостанай облысының оңтүстігі мен орталығында;
  • Абай облысының оңтүстік-батысы мен орталығында;
  • Түркістан облысының оңтүстік-шығысында.

Төтенше өрт қаупі Қызылорда және Түркістан облыстарында болжануда. Сондай-ақ, төтенше деңгейдегі өрт қаупі Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында, Абай облысының солтүстігі мен оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының батысы мен солтүстігінде, Қарағанды облысында, Алматы облысының солтүстігінде, Павлодар облысының оңтүстік-шығысында, сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында және орталығында күтіледі.

Айта кетейік, осыған дейін елорда маңындағы қоқыс полигоны өртенген. 9 шілдеде басталған өрт үш күн бойы сөндірілген. 12 шілдеде түсте тілсіз жаумен әлі алысып жатқаны айтылған. Дегенмен министрлік жексенбі күні кешкі сағат 21:29-да өрт толық сөндірілгенін хабарлады.