Ләйлә Сұлтанқызы мен Нұрболхан Шарапов тағы да соттасып жатыр

Жарияланды 14 Шілде 2026 10:48

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
Фото: видеодан скрин

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы мен танымал жайдарманшы, блогер Нұрболхан Шарапов қайтадан соттасып жатыр. Бірақ бұл жолы кинода.

Әлеуметтік желіде қос жұлдыздың қатысуымен өткен сот отырысының кадрлары пайда болды. Алайда бұл – кинодағы көрініс қана.

Желіде жарияланған ресми мәліметтерге сүйенсек, қос тарап өзара келісімге келіп, өткен реніштерді артқа тастаған сияқты. Кино жасаушылар осы бір танымал дауды комедиялық немесе драмалық сипатта экранға шығаруды жөн санапты.

«Сүйінші, екі жақ достасты! Хейт жабылсын, жақсы коментарийлер жазылсын» – деп жазады фильмнің парақшасы.

Естеріңізге сала кетейік, Ләйлә Сұлтанқызы мен Нұрболхан Шараповтың арасындағы кикілжің бұған дейін үлкен дауға ұласқан болатын. Ләйлә Сұлтанқызы жүргізген отандық бағдарламалардың бірінде көтерілген тақырып жайдарманшы Нұрболханның шамына тиіп, бағдарламаны әлеуметтік желіде қатаң сынға алған еді. 

Өз кезегінде бағдарлама жүргізушісі бұл сынды орынсыз санап, оны «жеке басыма тіл тигізу» деп айыптап, Нұрболханды сотқа берген болатын.

Сондай-ақ оқыңыз