Джеки Чан «Құдай сауыты: Ультиматум» фильмінің түсіріліміне кірісті (фото)

Жарияланды 18 Шілде 2026 14:29

(жаңартылды 4 Тамыз 2026 11:31)
Айгерім Таубай

Айгерім Таубай

General news бөлімінің аға журналисі a.taubay@kursiv.media
Түсірілім жұмыстары басталды/фото:Instagram/ salem_jackiechan

Актер Джеки Чан Маңғыстауда «Құдай сауыты: Ультиматум» фильмінің негізгі түсірілімін бастады. Бұл туралы Salem Entertainment хабарлады.

«Бүгін киноның дәстүрлі рәсімі – кинотарелканы сындырып, «Құдай сауыты: Ультиматум» фильмінің түсірілімін ресми түрде бастадық. Бұл құрметті рәсімді жоба режиссері Роберт Кун мен фильмнің басты актері Джеки Чан орындады. Алда түсірілім алаңынан үлкен экранға дейін жалғасатын ерекше кино сапары күтіп тұр», – делінген ақпаратта.

фото: salem_jackiechan

«Доспехи Бога: Ультиматум» картинасының басты түсірілім орындарының бірі –Бозжыра шатқалы. 

фото:salem_jackiechan

Бұған дейін актер Алматыдағы Оқушылар сарайына арнайы ат басын бұрып, жасөспірімдермен және мектеп оқушыларымен кездескен еді.

Сондай-ақ оқыңыз