Бибісара Асаубаева Жавохир Синдаровпен бірге футболдан Әлем чемпионатына барды

Жарияланды 19 Шілде 2026 11:29

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
фото:  instagram

Футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионатының Майамидегі әйгілі «Hard Rock Stadium» стадионында өткен үшінші орын үшін тартысты кездесуді шахматтан әлемдік деңгейдегі гроссмейстерлер Қазақстан мақтанышы Бибісара Асаубаева мен Өзбекстан құрамасының көшбасшысы Жавохир Синдаров бірге тамашалады.

Бибісара Асаубаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында стадионнан фотосуреттер жариялап, жанкүйерлерімен ерекше әсер бөлісті. Шахмат ханшайымы суреттің астына

«Футболды стадионнан тамашалау мүлдем бөлек әсер береді» деп жазды.

Айта кетейік, Майами төріндегі ойынға 64 478 көрермен жиналып, стадионда лық толы аншлаг тіркелді. Үшінші орын үшін болған драмалық кездесуде Франция мен Англия құрамалары кездесіп, матч 6:4 есебімен ағылшындардың пайдасына аяқталды.

Сондай-ақ оқыңыз