Футбол әлде концерт: Канье Уэст концертіне билеттер сатылымы кейінге шегірілді

Жарияланды 19 Шілде 2026 16:53

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
коллаж: kursiv.media

Алматыдағы Орталық стадионда өтетін әлемдік деңгейдегі ауқымды концерт пен о «Қайрат» футбол клубының маңызды матчтары төңірегіндегі жағдай қоғам назарын аударып отыр. Осыған байланысты шараны ұйымдастырушы First Media Group және Freedom Holding компаниялары ресми мәлімдеме жасап, тараптардың мүддесін ескеретін ортақ шешім іздестіріліп жатқанын жеткізді.

Ресми хабарламада ұйымдастырушылар «Қайрат» футбол клубының қазақстандық спорт сүйер қауым үшін орны ерекше екенін алға тартты. Стадионда алдағы уақытта өтетін ел біріншілігі мен халықаралық турнирлер аясындағы матчтардың маңыздылығы жоғары. Команданың дайындық графигі мен жанкүйерлердің сұранысын құрметтеу мақсатында қазіргі таңда конструктивті келіссөздер жүріп жатыр.

«Біз үшін де, «Қайрат» Қазақстан футболының мақтанашы, және халықаралық аренада да жүректен команданы қолдаймыз. Сондықтан қазіргі уақытта барлық тараптың мүддесін ескеретін ең қолайлы шешімді табу мақсатында конструктивті диалог жүргізіп жатырмыз», – делінген бірлескен ресми мәлімдемеде.

Келіссөздер мен дайындық жұмыстарының бағытын реттеу мақсатында әлемдік хип-хоп жұлдызы YE (Канье Уэст) концертіне билеттер сатылымының басталу уақыты сәл шегерілді. Ұйымдастырушылар бұл қадамның барлық техникалық және ұйымдастырушылық мәселелерді дұрыс шешуге мүмкіндік беретінін айтады. Айта кетерлігі, концерттің өтетін күні мен орны өзгеріссіз қалады.

Билеттер сатылымы

Бұған дейін, First Media Group концерт 14 тамыз күні Алматының Орталық стадионында өтетінін хабарлаған еді. Ал, билеттер сатылымы 21 шілде күні, сағат 12:00 де басталады. 21–22 шілде аралығында тек Freedom SuperApp пайдаланушылары үшін шектеулі мөлшерде қолжетімді болады. 23 шілдеден бастап билеттер Freedom SuperApp қосымшасында да, Ticketon.kz ресми сайтында да ашық сатылымға шығады.

Сондай-ақ оқыңыз